Бүгін Қазалыда гандболдан жарыс басталады

Бүгін Қазалыда гандболдан жарыс басталадыБүгін, 3 наурыз күні Қазалы ауданында гандболдан 2000 жылы туған және одан кіші жастағы қыздар арасында ҚР гандбол федерациясының кубогы басталады. Оған Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан 8 команда қатысады.
    Биыл жарыс үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Алғашқы мәрте басталғанда Қазалы ауданының командасы жеңімпаз атанған болатын. Былтырғы жылы Қызылорда қаласының командасы үздік деп танылды. Кубок жеңімпаздары 6 наурызда анықталады.
    Салтанатты ашылуы 3 наурыз сағ.16.00. Жарыстың бас төрешісі Вячеслав Ким.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 наурыз 2016 г. 1 208 0