Қызылордада тегін киім-кешек үлестіретін әлеуметтік дүкен ашылды

Қызылордада тегін киім-кешек үлестіретін әлеуметтік дүкен ашылдыҚызылорда қаласының әкімдігі мен «Ел-арай» қоғамдық қоры қаладағы «Айтбек», «Сыбаға» сауда үйлеріне контейнерлер орналастырды. Тұрғындар онда артылған киім-кешектерін өткізе алады.
    Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына қолдау көрсету мақсатында қолға алынған бастама аясында жиналған заттар сұрыпталады. Арнайы ашылған «Ел-арай» әлеуметтік дүкеніне (Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесі, 106-үйдің 1 қабаты) қойылады. Содан кейін әлеуметтік қызмет бөлімінің тізіміне алынған отбасыларға тегін беріледі.
    Жоба бюджеттен тыс қаржы көздері арқылы, яғни демеушілердің көмегімен жүзеге асырылуда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 ақпан 2016 г. 863 0