Илья Ильин Олимпиадаға қалай дайындалып жатыр? - ВИДЕО

Илья Ильин Олимпиадаға қалай дайындалып жатыр? - ВИДЕОатлетикадан екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин өзінің Instagram-дағы парақшасында Польшаның Закопане қаласындағы жаттығу базасында түсірілген видеоны жариялады.

«Закопане базасындағы алғашқы жаттығу! Орта деңгейдегі таулы аймақта жаттығатын боламыз! Мен бұны қытай күшімен жасалатын жаттығу деп атаймын!!! Chinese style...», - деп пікір жазды бұл видеоға ол.

Айта кетейік, спортшының жазылушылары оған өз құпияларын ашпауды ескертті, себебі алда Рио Олимпиадасы келе жатыр. Бұл сында жерлестері одан тағы да жоғары нәтиже күтеді.

Закопане - Польшаның ең биік белдеудегі қаласы. Ол теңіз деңгейінен 830 м биіктікте орналасқан.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 ақпан 2016 г. 629 0