МЕРЕКЕДЕ ҮШ КҮН ДЕМАЛЫС БЕРІЛЕДІ

МЕРЕКЕДЕ ҮШ КҮН ДЕМАЛЫС БЕРІЛЕДІҚазақстандықтар 8 наурыз мерекесінде 3 күн демалады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайтында хабарланды. Үкімет қаулысына сәйкес, 7 наурыз жұмыс күні 5 наурызға (сенбіге) ауыстырылды. Сонымен 7,8,9 наурыз демалыс күні болып белгіленді.

«Үкімет қаулысына сәйкес, ресми қызмет ететіндер мен қызметкерлердің қолайлы демалысы үшін және жұмыс күнін тиімді пайдалану мақсатында 5 наурыз күнгі демалыс күні 7 наурызға ауыстырылды», — делінген хабарламада.

Еңбекпен қамтылған ұйымдар мен қажетті өнімдерді шығаратын материалдық, қаржылық ресурс­тар және қаржылық қызмет көрсететіндерге, құрылыс нысандарында жұмыс істейтіндерге кәсіподақ келісімімен жұмысты 2016 жылдың 7 наурызында бас­тауына құқық беріледі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 ақпан 2016 г. 791 0