« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Өскеменде дзюдодан 440 спортшы қатысқан Қазақстан
чемпионатында қызылордалық дзюдошылар жалпы командалық есепте 1-орынды иеленді.
Екінші орында – Шығыс Қазақстан облысы, Үшінші орында – Алматы қаласы.
Жерлестеріміз жастар арасында өнер көрсетіп, 2 алтын, 4 күміс, 6 қола медальдарды жеңіп алды.
Атап айтсақ, жекелей сында 60 келі салмақта Жақсыбек Жеңісбек (ЖСШМ), 66 келіде Марат Жанқожа және (№1 ОРМБЖМ) ел чемпиондары атанды.
44 келіде Адия Сайын (№1ОРМБЖМ), 48 келіде Салтанат Сұлтанбекова (спорт интернат), 63 келіде Гүлдерайым Алмағанбет, +78 келіде Нұрғаным Тұршабек (екеуі де №1ОРМБЖМ) күміс жүлдені иеленсе, 44 келіде Малика Алпысбай (№1ОРМБЖМ), 52 келіде Диана Тлеумұратова (Қармақшы ауданы), 55 келіде Дидар Тәттібай (ЖСШМ), 63 келіде Сымбат Төрен (спорт интернат), 73 келіде Нұрсұлтан Иса (ЖСШМ), 78 келіде Ләйлә Арыстанбек (№1ОРМБЖМ) қола жүлдені еншіледі. Жерлестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |