Қызылордалық спортшы екінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанды

Қызылордалық спортшы екінші жыл қатарынан Азия чемпионы атандыТайланд астанасы Бангкокта еркін күрестен өткен Азия чемпионатында  Дәулет Ниязбеков елінің туын биіктен желбіреп, әнұранын шыркатты. Бұл туралы Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ол 61 келі салмақта сынға түсіп, финалда иран балуанын 10:0 есебімен таза жеңді. 

Айта кетейік, Дәулет осымен екінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанды. 
Бапкері - КР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Абуталип Аманов.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 ақпан 2016 г. 604 0