
Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бүгін
Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрында өткен халық
алдындағы есепті кездесуінде айтты.
Дағдарысқа қарамастан, қабылданған жан-жақты шаралардың арқасында
Қызылорда облысының өнеркәсіп өндірісіндегі өңдеу секторы өсіп отыр.
Бұған негізінен азық-түлік, химия және металлургиялық өндірістің артуы
септік етті. Сыр еліндегі аталған көрсеткіштің өсімі 2013 жылдан бері
тұрақты жалғасып келеді. Оның жалпы өндірістегі үлесі 3 жылда 3 есеге
өсті.
Өткен жылы облыста жалпы құны 84,5 млрд. теңгенің өнімі шығарылып,
өңдеу секторындағы инвестиция көлемі 3,4 есеге артты. Бір сөзбен
айтқанда, бұл аймақ экономикасындағы құрылымдық өзгерістердің айқын
дәлелі.