« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Кәсіпкерлер тағы да сот орындаушыларының
жауапкершіліксіздігінен зардап шегуде.Өткен жылы алматылық «EXIMAR» ЖШС-і Қызылорда облысының кәсіпкерлер
палатасынан көмек сұраған болатын.
Алматылық «EXIMAR» ЖШС-і 2015 жылдың қараша айында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасымен өткізілген «Маркетингтік зерттеулер жүргізу және тиісті аналитикалық есеп дайындау» қызметі бойынша электорндық конкурсқа өтініш берген болатын.
Конкурстық комиссиямен өтінімдерді қарау барысында кәсіпкердің ҚР Әділет министрлігінің adilet.gov.kz сайтында борышкерлер тізіліміне енгізілгені анықталып, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6-бап, 1-тармағына сай «EXIMAR» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алудың қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінді.
Бұл жерде конкурсты ұйымдастырушы Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасын кінәлауға болмайды. Себебі, басқарма «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес әлеуетті өнім берушілердің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болған жағдайда сотқа беруге міндетті.
Бұл жерде кінә сот орындаушыларынан болып отыр. Кәсіпкердің атқарушылық өндірістер негізінде толық төлем жүргізгеніне қарамастан, сот орындаушылармен борышкерлер тізілімінен алу жөнінде тиісті ақпарат уәкілетті органға жолданбаған. Сот орындаушылары бұл әрекетімен кәсіпкердің мемлекеттік сатып алуға қатысу құқығын шектеп, заң бұзушылықтарға жол берген.
Бұл мәселеге қатысты алматылық кәсіпкердің сотта мүддесін Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының заңгері білдіріп, сот процесінде құқығын қорғап қалды.
Нәтижесінде кәсіпкер бүгінде қалыпты жұмыс жасауда.
Ал кәсіпкерлер үшін жаңалық – 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның жаңа редакциясына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болған жағдайда мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы болып танылмайтын болды.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |