КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКАЖуырда Алматы қаласында «Түркітілдес журналистер қоры» қазақ журналистеріне арнап «Кәсіби шеберлік және журналистика» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. «Шеврон МұнайГаз Инк» компаниясының демеушілігімен өткен шараға Ұлыбританиядан Ватан Өз, Түркиядан Хедие Ероғлұ сынды баспасөз майталмандары арнайы келіп, экономикалық журналистика және онлайн медиаға қатысты тәжірибелерімен бөлісті. Екі күнге созылған шарада дәстүрлі журналистикадан жаңа онлайн-медиа сабақтастырыла түсіндірілді.

- Бүгінде жаңалық жайлаған әлемде ақпаратты жылдам жеткізуді қолға алу журналистің басты нысанасы болып саналады – дейді Лондондық және Стамбұлдық медиа-тренерлер. Тәуелсіз ақпарат құралдарының өкілдері экономикалық тақырыпты терең меңгеріп, нақпа-нақ сандарды инфографика немесе диаграммамен сөйлетсе, оқырман көкейінде көпке дейін қалады - деді. Қарапайым санайғақ көп сөздің ішінде көңілде қалмауы ықтимал екенін тәжірибе барысында көз жеткіздік.

Түрік баспаөзі көлдей мақалаларға қарсы. Еуропа баспасөзімен егіздес түрік БАҚ-ы мәтінмен қоса суреттерді молынан пайдаланады. Дер кезінде түсірілген суреттер көбінесе сөйлеп тұрғандай әсер беріп, табиғилығы сақталатыны рас.

Басылым бетінInDesign бағдарламасы арқылы әрі тез әрі оңай беттей алатын мамандар дизайн мен сурет өңдеу барысынан тәжірибе көрсетті. Түркия немесе Еуропа елдерінде заманауи бағдарламалар көмегімен 10 минутта газет беттеп, оны оқырманға жедел таратумен арнайы фирмалар айналысады.

Онлайн немесеGoogle-журналистің қызметі жайлы айтқан AVRUPA порталының иесі Ватан Өз жаңа технологиялар мен әлеуметтік желілерді пайдаланудың маңыздылығын баса айтты. Лондонда ВВС-дің қызметін түрік тілінде таратып отырған портал бүгінде Googleкомпаниясымен келісімге отырып жарнамасын жүргізіп отыр. Бұл дегеніңіз, алпауыт ағылшын корпорациясымен бәселекестік тудырған түрік сайтының оқырмандары күнделікті 200 мыңға баратынын көрсетіп отыр. - Вебсайттың заманында жарнаманды қалыптастырып, сауатты мақала жаза білсең оқырмандарын сайтынды ұршықтай иіріп әкетеді. Ал, копи-прайм жаңалықтарды зерттемей, зерделемей ұсынсан, жалғандық әйтеуір бір жерінен шығатыны белгілі – дейді Ватан бей.

Нағыз журналистер жан ауыртпай-ақ жаңалық жеткізе білу қажет. Өйткені, қанша қаралы хабар болса да көрерменін қорқынышты кино көріп отырғандай күйге түсірмеу керек. Адами этика мен әдепке сүйене білген жөн деп есептейді шетелдік мамандар. Расын айтсақ, елімізде орын алып жатқан кейбір келеңсіз жағдайларға қарата айтылған ба дерсін. Бүгінде отандық телеэфирде жаға ұстатып, жантүршіктірілер жағдайлар көп орын алып кетті. Бірінен соң бірі зорлық-зомбылық туралы сюжеттер қаптап, журналистер кімнің, кімді, қалай зорлағанын майын тамызып сипаттап-суреттеп беретін болды. Қылмыскерлердің әйелді балаларының көзінше зорлағанын бес қайтара айтатыны белгілі жайтқа айналды...

Әлемде «Google» жүйесі кең дамыған. Оны тиімді пайдаланып, серіктесі бола білсен, вебсайтттың өзі-ақ қаржы табуға қауқарлы болады. Іздеу жүйесінде сіздің мақалаңыз алдыңғы тізімде болу үшін тақырып пен суретті лайықты таңдай білу, оқырманды тартудың тәсілі. Бастысы тақырыптың да, материал мазмұнының да барынша қысқа болуы шарт. Тренинг соңында Periscope бағдарламасы арқылы онлайн хабарды тікелей эфирде таратудан тәжірибелік сабақ жасалды.

Қалтафон қызметінің ұшан-теңіз екенін айтқан Ватам Өз бүгінгі таңда ақпаратты тез әрі қауіпсіз тарату үшін студиялық видеокамералардың қызметін бір ғана ұялы байланыс смартфоны атқаратынын түсіндіріп өтті. Қазіргі күні тілшілер жаңалықтарды дер кезіндезаманауи смартфондар арқылы түсіріп, жолдап отырады. Сайт қашанда оқырман маңыздылығын бірінші орынға қоя отырып, әр ақпараттың сенімділігіне көз жеткізбей тұрып хабар таратпау керектігін, ақпараттың дұрыстығын білу үшін дереккөзді дұрыс таңдай білу қажет екенін тілге тиек етті.

Оқырманға оңды-солды, тексерілмеген ақпаратты тықпалауға болмайды. Ол өз кезегінде оқырманыныздан алшақтауға апарады. Сіздің бір-екі жалған хабарыңызды оқыған оқырман немесе көрермен басылымыныздан сайтыныздан кете бастайды. Лондондық маманның екертпесі көңілге қонымды. Өйткені отандық сайттарда рейтинг үшін анық-қанығы ашылмаған хабарлар таралып жатыр, бұның бәрі сайып келгенде оқырмандар құқын аяққа басқан болып есептеледі.

Игі шараны ұйымдастырушы «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы отандық журналистердің біліктілігін арттыру мақсатында әлі талай бастамалар өтетінін айтып, журналистердің кәсіби шеберлігін шыңдауға, жаңа медианы тәжірибе жүзінде жетік меңгеруге ықпал ететін жеткізді. Талабы таудай жанға қатысушылар тілектестігін білдірді.

Нұрбек САҒАДАТ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 ақпан 2016 г. 871 0