Қызылордалық дзюдошылар ел чемпионатынан олжалы оралды

Қызылордалық дзюдошылар ел чемпионатынан олжалы оралдыҮстіміздегі жылдың 4-7 ақпанаралығында Ақтөбе қаласында дзюдодан 1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті.

Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 575 спортшы қатысқан дүбірлі додада жерлестеріміз 10 медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Бірінші орынды Алматы облысы, үшінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының командалары еншіледі.

Жекелей сында 40 келі салмақ дәрежесінде Бибіхан Нәбиева (№1 ООРМБЖМ), 57 келіде Арайлым Қанзада(Мәдениет ауылы, спорт интернат) және 70 келіде Арайлым Оразбайлар (Жалағаш ауданы, спорт интернат) жақсы өнер көрсетіп, ел чемпиондары атанды.

55 келіде Жанболат Саматұлы (Жалағаш ауданы, спорт интернат) мен 90 келіде Нұрлыхан Шархан (спорт интернат) күміс жүлдені иеленді.

44 келіде Зүльфия Баянова, 60 келіде Рауан Бекалы(екеуі де №1ООРМБЖМ), 63 келіде Мөлдір Қойбағар (№5ООРМБЖМ), 70 келіде Алиса Нұртас (Мәдениет ауылы), +70 келіде Аида Файзолла (№1ООРМБЖМ) қола жүлдеге қол жеткізді.

Жеңімпаз спортшылар қыркүйек айында Үндістанның Дели қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алу үшін алдағы сәуір айында Ресейдің Тверь,мамыр айында Германияның Берлин қалаларында болатын Еуропа кубоктарына қатысады.

Спортшыларды жарысқа Арман Молдаханов, Қален Қалиұлы, Ришат Бурлов, Жанар Дюсекенова, Жанарбек Сансызбаев, Рамазан Мұстафаев, Аян Асылбек, Тұрар Баймахановтар дайындады.

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 ақпан 2016 г. 716 0