« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Осымен он бірінші мәрте ұйымдастырылған бәсекеде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының 8 командасы сынға түсті.
2 күнге созылған жарыстың финалында «Қорқыт Ата ҚМУ» командасы «Тараз - ТАРМУ» командасын 3:0 есебімен жеңіп, тоғызыншы мәрте турнир жеңімпазы атанды. Оңтүстік Қазақстан облысының «Қарабұлақ» командасы үшінші орынды иеленсе, Түркістан қаласының «МКТУ» командасы төртінші орынды қанағат тұтты.
Турнирдің үздіктері:
Үздік қорғаушы - Берік Өтегенов («Қорқыт Ата ҚМУ» командасы)
Үздік үйлестіруші - Алмерек Ибраев («Байқоңыр» командасы)
Үздік шабуылшы - Бауыржан Әбілдаев («Тараз-ТАРМУ» командасы)
Үздік либеро - Ғияситдин Үсенов («МКТУ» командасы)
Жеңіске деген ынтасы үшін - Андрей Корчагин («Байқоңыр» командасы)
Пайдалы ойыншы - Руфат Хамракулов («Қарабұлақ» командасы)
Әділ төреші - Ғалымжан Әбдірейімов (Жаңақорған ауданы)
Үздік ойыншы - Аслан Зұлқарнаев («Қорқыт Ата ҚМУ» командасы)
Сондай-ақ, турнирде жақсы өнер көрсеткені үшін бірқатар командалар мен команда ойыншылары алғыс хаттармен марапатталды.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар мен номинация иегерлеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |