« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Аймақ экономикасының 65 пайызы мұнай саласына тәуелді. Сондықтан жиын барысында әсіресе мұнай компанияларындағы жұмыс орындарын сақтап қалу мәселесі қаралды.
Облыстағы мұнай компаниялары мен сервистік қызмет көрсету мекемелерінде 29 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Орта есеппен бір отбасында 5 адам бар десек, 150 мың сырбойылықтың ахуалы мұнай компанияларының жағдайына тікелей байланысты. Сондықтан да облыс әкімі Қырымбек Көшербаев осындай қиын уақытта олардың жұмыс орындарын сақтап қалу үшін бар мүмкіндікті пайдалану қажеттігін айтты.
- Біз мұнайшыларға бүгінгі жағдайға бейімделіп, қазіргі нарықта сұранысқа ие экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсетуге бет бұруды ұсынамыз. Біздің негізгі мақсатымыз - жұмыс орындарының қысқаруына жол бермеу. Қазіргідей қиын кезеңде, бәлкім, қызметкерлердің жалақысы мен уақыты қысқаруы мүмкін, бірақ жұмыс орындары сақталуы керек, - деді аймақ басшысы.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |