ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев 2016 жылғы 17 ақпанда сағат 11.00-де Н. Бекежанов атындағы драма театрда халық алдында есеп береді.

Халықтың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлері үшін арнайы жәшіктер төмендегі мекен-жайларда орнатылған:

Арал ауданы бойынша: Аудан әкімі аппараты және қала әкімі аппаратының ғимараты.

Қазалы ауданы бойынша: Әйтеке би кенті әкімі аппараты, Қазалы қаласы әкімі аппараты, қалалық мәдениет үйі ғимараттары, «Қазпошта» аудандық байланыс ғимараты, Халыққа қызмет көрсету орталығы, темір жол вокзалы, автовокзал, «Ырыс-Болашақ» базары.

Қармақшы ауданы бойынша: Жосалы кенті әкімі аппаратының ғимараты, темір жол вокзалы, «Халық Банк» АҚ аудандық бөлімшесі, «Қазпошта» аудандық байланыс ғимараты.

Жалағаш ауданы бойынша: Аудан әкімі аппаратының ғимараты, аудандық мәдениет үйі, Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараты.

Сырдария ауданы бойынша: Кент әкімі аппаратының ғимараты, аудандық мәдениет үйі, аудандық орталық аурухана, Сырдария аграрлы-техникалық колледжі.

Шиелі ауданы бойынша: Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Халық Банк» АҚ аудандық бөлімшесі, мемлекеттік кірістер басқармасы ғимараты, темір жол вокзалы.

Жаңақорған ауданы бойынша: Кент әкімі аппаратының ғимараты, Халыққа қызмет көрсету орталығы.

Қызылорда қаласы бойынша: Темір жол вокзалы, автовокзал, әуежай, «Жайна», «Айтбек», «SMALL», «Универсам», «Сырдария» сауда үйлері, М. Ералиева атындағы мәдениет үйі, «Жаңа базар» базары.

Ескертпе: Барлық аудандардағы, Қызылорда қаласындағы ауылдық округтер мен кенттерде әкім аппараты немесе ауылдық клуб ғимараттарында жәшіктер орналастырылған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 ақпан 2016 г. 743 0