« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Форумның өтуіне Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Асқар Махамбетов ұйытқы болды. Оның айтуынша, мұндай іс-шаралар – әрбір адамның аймақтағы бизнестің дамуына қатысты өз ойларын ашық білдіруге, өз кәсібін жүргізу барысында туындаған мәселелерді қозғауға мүмкіндік беретін пікір алаңы.
Бұдан бөлек, форумда агробизнес саласында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Агротехнология орталығы» жобасының таныстырылымы өтті. Жоба жетекшісі Ержан Сүгірәлиннің айтуынша, орталықтың басты міндеті – егіншілік һәм өсімдік шаруашылығы саласында кәсібін ашып, дамытуға шешім қабылдаған кәсіпкерлердің жобасын сүйемелдеу болып табылады.
Жиын соңында Асқар Махамбетов бизнес-қауымдастық өкілдерінің басқосуын пайдалана отырып, облыстағы барлық кәсіпкерлер мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының атынан мерзімінен бұрын сайлау өткізуді бірауыздан қолдайтынын және көпшілікті сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
Дәурен ОМАРОВ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |