БІРЛЕСКЕН БИЗНЕС-ФОРУМ ӨТЕДІ

БІРЛЕСКЕН  БИЗНЕС-ФОРУМ ӨТЕДІОсы жылы 7 ақпанда Теһ­ран­да Қазақстан-Иран бизнес-фо­румы өтеді. Онда «Бәйтерек» хол­дингі мен Иранның Ұлттық даму қорының арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою жоспарлануда. Құжатта компаниялардың бірлескен жұмыс басымдықтары айқындалды. Атапайтқанда, тараптар өнеркәсіптік және инновациялық даму, ақпа­рат­тық технологиялар және эко­номиканың өзге де салаларында ынтымақтастық орнатады. Әріп­тестік екі елдің экономикалық даму жоспарларына сәйкес инвестицияларды қолдауға, сондай-ақ олардың тиімділігіне жетуге бағытталатын болады.

Форум аясында пленарлық оты­рыс пен В2В форматында салалық кездесулер өтеді. Қа­­зақ­стан мен Иранның биз­­нес-қауымдастықтары экономи­ка­ның басым салаларында ын­ты­мақ­тастықты жандандыру мә­се­ле­лерін талқылап, бірлескен ком­­мер­циялық жобаларды іске асы­­ру кезіндегі кедергілерді жою бойынша шаралар ұсынады. «Alageum Electric», «Oxy Textile», «Масло Дел», «Eurasian Foods» және басқа да отандық компания­лар Иран нарығына экспорттық өнім жеткізілімдерін кеңейту мүмкіндігін талқылайды.

Айта кетейік, қазақстандық делегация құрамында форум жұ­мысына жүзден аса қазақ­стан­дық компания қатысады. Сондай-ақ, бір­қатар облыс әкімдіктерінің өкіл­дері, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер па­латасының басшылығы қатыса­ды деп күтілуде. Иран тарапынан 200 жетекші ирандық компания өкілдерінің қатысуы жоспарланып отыр.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 ақпан 2016 г. 704 0