« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Онда «1999 жылғы 18 қарашада жасалған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды жiберу кезiнде авариялар болған жағдайдағы өзара iс-қимыл тәртiбi туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды. Құжат алдағы уақытта өтетін палатаның жалпы отырысына шығарылады.
«Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімге өзгерістер енгізілген Хаттамаға 2015 жылдың 2 маусымында қол қойылған. Хаттамада негізінен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыранды ұшыру барысында апаттар орын алған жағдайда құрылатын комиссиялар, бірлескен штабтар мен уәкілетті органдардың құзыреттері нақтыланады», - деді Ішкі істер вице-министрі Владимир Божко.
Тоқтала кететін жайт, келісімге өзгерістер енгізуге Қазақстан тарапы бастамашылық жасаған. Өйткені, бұған дейін «Байқоңырда» орын алған апатқа байланысты оның салдарын жою процесінде бірқатар мәселелер туындаған болатын. Мұндай салдарды реттеу қолданыстағы келісімдерде көрсетілмеген. Осыған байланысты 2015 жылы екі тарап ортақ мәмілеге келіп, хаттамаға қол қойылды.
Вице-министр Владимир Божконың айтуынша, Келісімге сәйкес, Ресей тарапы Қазақстанға жоспардағы ұшырулар туралы бір ай бұрын және 15 күн қалғанда ресми хабарлауы тиіс. Ұшыру туралы соңғы ақпарат зымыран ұшырылатын уақыттан 8 сағат бұрын тағы берілуі шарт.
Осыған орай, ұшыруға бір тәулік уақыт қалғанда зымыран қалдықтары құлайтын аумақтардағы төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімшелер әскери дайындыққа келтіріледі. Бұдан бөлек, өзгерістерге сәйкес, егер апат орын алса, онда 12 сағат ішінде комиссия құрылып, ал бір тәулік өткенде апат салдарын жою жөніндегі штаб жұмысқа кірісетін болады. Хаттамада апат салдарын жоюға қандай күштер жұмылдырылатыны нақтыланған.
Заң жобасы палатаның жалпы отырысына шығарылады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |