Сырдария ауданында бір тәуліктің ішінде 2 мал ұрлығының беті ашылды

Сырдария ауданында бір тәуліктің ішінде 2 мал ұрлығының беті ашылдыСырдария ауданы ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметкерлерінің ұйымдасқан жедел іздестіру шараларының нәтижесінде бір тәуліктің ішінде орын алған мал ұрлығы қылмыстарының беті «ізі суымай» ашылып, әккі ұрылар қолға түсті.

Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, 2016 жылғы 26 қаңтар күні сағат 04.00 шамасында Сырдария ауданы, Ақжарма ауылында 48 жасар ауыл тұрғынының мал қорасынан бір бас қойын ұрлап бара жатқан жерінен 19 жасар және 26 жасар екі азамат ұсталды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер АІІб-нің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Дәл осындай дерек 26 қаңтар күні сағат 18.00 шамасында Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде де орын алған. Осы ауданның 41 жасар тұрғынынан А.Тоқмағамбетов ауылына қарасты 8-разъезд бекеті аумағында екі ірі қара малдың ұрланғандығы жайлы арыз келіп түседі. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қылмысқа күдікті ретінде арызданушының 37 жасар туысқаны ұсталды. Тергеу жұмыстары барысында күдікті азаматтың малдарды 43 жастағы ауыл тұрғынына сатып жібергені анықталды.

Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 ақпан 2016 г. 673 0