Алғашқы шағын спутник Байқоңырдан 2016 жылдың қазан айында ұшырылады

Алғашқы шағын спутник Байқоңырдан 2016 жылдың қазан айында ұшырыладыАлғашқы шағын спутник Байқоңырда 2016 жылдың қазан айында ұшырылады. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың Мәскеу қаласына жұмыс сапары барысында белгілі болды.

Әкімнің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар Мемлекет басшысының өңірлерде инновация қызметін белсендіру үшін халықаралық қаржы және инновация орталықтарымен жұмысы жөніндегі тапсырмасы бойынша ресейліктер тарапының шақыртуымен болды.

Сапар аясында облыс әкімі Мәскеудегі «Сколково» инновациялық орталығының қызметімен танысты.

«Кездесуде тараптар «Байқоңыр» кешенінде телекоммуникациялық және ғарыш бағытында бірлесіп жұмыс істеу жайын талқылады. Нақтылай кетсек, әңгіменің тақырыбы бірлесіп шағын спутниктер ұшыру жайында. Осындай алғашқы шағын спутникті «Сколково» орбитальдық ұшырылым орталығы мен Мәскеу инновациялық институты бірлесіп жасап, 2016 жылдың қазан айында Байқоңырдан ұшырады», - делінген хабарламада.

Облыс әкімі Сколково институтының магистрлік бағдарламасына Мәскеу мен Санкт-Петербордың жетекші оқу орындарында ресей тарапымен келісім бойынша білім алып жатқан қызылордалық жастарды жіберуге қызығушылық танытты.

Сонымен бірге, сапар барысында облыс әкімі РФ Үкіметімен құрылған «Стратегиялық бастамалар агенттігінің» басшылығымен кездесті.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қаңтар 2016 г. 760 0