
Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен облыстық
онкология орталығында паллиативтік көмек көрсететін 15 төсек орындық
бөлім ашылды. Қазіргі таңда 11 науқас ем алып жатыр. Бұл туралы облыстық
денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.Паллиативтік
бөлім мақсаты: инкурабельді онкологиялық науқастарға симптомикалық
(паллиативтік) ем жүргізуге, ауырсынуды басудың қажетті емін таңдау
жасауға, оларға күтім жасауға, медициналық-әлеуметтік қалыпқа келтіру
жүргізуге және олардың туысқандарына ауру кезінде және туғанынан
айырылған жағдайда психологиялық көмек көрсету.