« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Палатаның баспасөз қызметінің хабарлауынша, селекторлық режімде өткен кеңесте облыстық барлық аудандарының, салалардың басшылары мен кәсіпкерлер аталмыш саладағы проблемалар мен шешу жолдарын талқылады.
Дархан Мырзалиев алдымен аграрлық кооперация саласындағы проблемаларға тоқталды.
«Өткен жыл ауыл шаруашылығы саласына қомақты қаржы салынғанымен, өкінішке орай, саланың мәселесін толық шешіп тастай алмады. Бұл жайт бізге ауыл шаруашылығы саласында жылдар бойы қордаланып қалған мәселелердің бар екенін көрсетті. Мәселен, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәліметіне сәйкес 2015 жылдың 1 желтоқсанына дейін «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында бағдарламаның 3219 қатысушысына 6918 млн.теңге несие берілген. Бұл 100 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің 3 пайызы ғана. Облыста ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне өз шағын қаржысын ұсынушы тек 2 жеке ұйым бар: «КМФ» және «Қызылорда-Кредит» ЖШС. Өңірде шағын қаржы ұйымдары кіші шаруа қожалықтарының сұраныстарын толық қамтамасыз ете алмауда. Осы ретте, «Атамекен» ҰКП мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық кооперацияны дамытуға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын қабылдады. Жоспар бойынша заңға қосымша актілердің базасын қалыптастыру, кооперативтерді жеңілдікпен қаржыландыруға арналған мемлекеттік қолдау түрлерін әзірлеу, пилоттық жобаларға қолдау көрсету, бірлескен ақпараттық науқан жүргізу жоспарлануда.
Бұл мақсатты жүзеге асыруда облыста алғашқы қадамдар жасалып жатыр десек те болады. Кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік орган өкілдерінен құрылған топ аудандарды, ауылдарды аралап, кооперативтендіру мен шағын кәсіпкерлікті дамытуға қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Мұнан өзге, биыл «Атамекен» ҰКП мен облыс әкімдігінің бірлескен өңірлік «Микробизнес Қызылорда» жобасы басталып жатыр. Сондай-ақ, Кәсіпкерлер палатасы, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы және сарапшылардың қатысуымен жаңа экономикалық жағдайға бағытталған агробизнесті дамыту картасы әзірленуде. Бұл шаралардың барлығы аграрлық кооперацияны дамытуға және бәсекеге қабілетті өндірістердің қатарын арттыруға септігін тигізеді деген сенімдеміз, - деді өз сөзінде Кәсіпкерлер палатасының басшысы.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |