81 қызылордалық «Демеу» грантымен кәсібін бастады

81 қызылордалық «Демеу» грантымен кәсібін бастадыКеше Қызылордада 81 адам өз кәсібін бастады. Олар «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ-ның ерікті әлеуметтік бастамасының шеңберінде «Демеу» гранттарын алды.

Қайтарымсыз гранттардың куәліктерін аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев салтанатты түрде табыс етті,-деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Бағдарлама негізінде несиелер Қармақшы және Жалағаш аудандарының тұрғындарына берілді. Конкурсқа 330 өтініш келіп түскен. Соның ішінде 81 жоба қолдау тапты. «Демеу» гранттары халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына, көп балалы аналарға, жұмыссыздар мен мүгедектерге беріліп отыр. Нәтижесінде 13 тігін цехы, 10 бөдене, қаз, тауық өсіру шаруашылығы, 7 шағын наубайхана, 6 кондитерлік цех, аяқ киім жөндеу шеберханалары, жиһаз цехы, вулканизация, жылыжай, шаштараз секілді шағын кәсіп нысандары ашылады.

- Сіздер шағын өндіріс бастау арқылы үлкен іске қадам басып жатырсыздар. Мысалы, әрқайсыларыңыз өндірісте 4 адамды жұмыспен қамтысаңыздар орташа есеппен 20 адам (отбасы мүшелерімен қоса есептегенде) тұрақты табысқа қол жеткізеді, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Кәсіпкерлер өз кезегінде осындай қолдау жасалып жатқандығына алғыстарын айтып, өңірдің экономикасын көтеруге атсалысатындықтарын жеткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қаңтар 2016 г. 718 0