Облыс
әкімінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы өкімімен Ержанов Жақсылық
Фазылбекұлы Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық
жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Жақсылық Фазылбекұлы 1981 жылы
Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң
университетін - заңгер, 2010 жылы Қазақ-Қытай институтын - қаржыгер
мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Қазақ
гуманитарлық заң университетінің Қызылорда филиалында оқытушы ретінде
бастаған. 2011-2015 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы, Қызылорда қаласының
Қызылжарма ауылдық округінің әкімі лауазымдарында қызмет атқарған. 2015
жылдың мамыр айынан Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы
қызметін атқарып келді.