Жаңа жыл қарсаңында Қазалыда екі сауда үйі ашылды

Жаңа жыл қарсаңында Қазалыда екі сауда үйі ашылдыБүгін аудан орталығы Әйтеке би кентінде «Көктем» және «Арзан» сауда үйлері пайдалануға берілді. Жаңа сауда орындарының ашылу салтанатына аудан әкімі Нажмадин Шамұратов қатысып, тұрғындарды Жаңа жыл мерекесімен және сауда үйлерінің ашылуымен құттықтады.

Жеке кәсіпкер Қ.Әлімбайдың жалпы құны 15 млн.теңгені құрайтын «Көктем» сауда үйі 2 қабатты. Мұнда 15 сауда бөлмесі мен халыққа қызмет көрсету орындары орналасқан. 17 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды.

Ал жеке кәсіпкер А.Байсуганованың 20,0 млн.теңге құрайтын «Арзан базарының» 1-қабатында азық-түлік, көкөніс түрлері сатылады. 2-қабатында киім сатуға арналған 12 сауда бөлмесі орналасқан. Жаңа сауда орнын пайдалануға беру арқылы 33 жаңа жұмыс орны ашылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 желтоксан 2015 г. 724 0