Болашақта көне Жанкент шаһарын туризм орталығына айналдыру мүмкіндігі бар

Болашақта көне Жанкент шаһарын туризм орталығына айналдыру мүмкіндігі барЕлімізде қазіргі күні экономиканы жан жақты дамыту бағыты қолға алынды. Экономикалық дамудың алдыңғы кезеңдері Қызылорда облысында да қызу қарқынмен жүргізіліп келеді.

Оларды аймақтағы орын алып жатқан өзгеріс¬терден-ақ байқауға болады. Бүгінде облыс үшін дамудың басты «өсу нүктелері» облыс орталығы, шағын қалалар және тірек ауылдарын дамыту болып табылады.

Бұл ретте Қазалы ауданындағы Өркендеу ауылында атқарылған жұмыстарды айта аламыз.

Өркендеу ауылы тіректі елді мекендер қатарына енгізіліп, биылғы жылы «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде барлығы 40,9 млн теңгеге ауылдық клуб ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, аудандық бюджет қаржысы есебінен бөлінген 24,3 млн. теңге қаржыға бірқатар көшелердің автомобиль жолдары қалыпқа келтірілді.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 11,5 млн. теңгеге көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Елді мекенді абаттандыруға 108,3 млн. теңге бөлініп, Орталық алаң мен Жастар алаңы абаттандырылды.

Тірек ауылдарды дамытуда әрбір ауданның бұрыннан қалыптасқан тарихи-өндірістік ерекшеліктерін ескерген жөн. Өркендеу ауылына іргелес жатқан Жанкент шаһары кезінде Ұлы Жібек жолында жатқан сауда-саттықтың үлкен қаласы болған. Сонымен қатар, түрлі бұйымдар мен құрал-жабдықтар шығарудың орталығы болған. Жыл өткен сайын ежелгі Жанкенттің қойнында жатқан тұңғиық сырлар ашылу үстінде. Алдағы уақытта Қорқыт бабаның туған жері, ежелгі Оғыз мемлекетінің астанасы болған көне Жанкент шаһарын туризм орталығына айналдыруға мүмкіндік бар. Ашық мұражай ашып, жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 желтоксан 2015 г. 1 067 0