
Сыр елінің белгілі қаламгерлері, Қызылорда облыстық "Сыр бойы" газетінің
бас редакторы Жұматәлі Әбдіраман және басылымның Шиелі, Жаңақорған
аудандарының меншікті тілшісі, сатирик Нұрмахан Елтай ағаларымыз марапат
биігінен көрінді. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ел
Тәуелсіздігі күніне орай "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісін қос
қаламгердің кеудесіне тақты.
Ел дамуына қосқан үлесі мен жемісті еңбегі,
зияткерлік қарым-қабілеті мемлекет тарапынан жоғары бағаланған
жазушы-журналистердің марапатымен "Сыр бойы" газетінің ұжымы да
құттықтайды.