Облыс өнімі отандық брендке айнала бастады

Облыс өнімі отандық брендке айнала бастады25-желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен кезекті баспасөз мәслихаты Қызылорда облысының тыныс-тіршілігімен танысуға арналған болатын. Брифингте облыс басшысы Қырымбек Көшербаев арнайы баяндама жасап, өңірдегі өнімді ісімен елдің экономикалық дамуына қомақты үлес қосып жатқан бірқатар компанияларды атап өтті. соның бірі «Абзал және Компания» толық серіктестігі еді.

Бұл компания Қызылорда қаласында 1995 жылы құрылған. Серіктестік - күріш өндіру, сақтау және өткізумен айналысады. Бірінші-екінші күріш зауыттары 2005-2010 жылдары пайдалануға берілген, қуаттылығы тәулігіне 120 тоннаны құрайды. Зауыттың қондырғысы Оңтүстік Корея, Қытай елінде шығарылған. Күріштің «Маржан», «Лидер», «Новатор», «Янтарь», «Фиш» сорттары шығарылады.

Серіктестік өзімен бірлесіп жұмыс жасайтын "Мағжан және К" және "Бесарық" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен бірлесе отырып, жыл сайын 5 мың гектардан астам жерге күріш егіп келеді. Өндірісте интенсивті технологияны дамыту мақсатында компания жыл сайын "КазАгроҚаржы" АҚ және өз қаражаты есебінен шетелдік қуатты ауыл шаруашылығы техникаларын алып келеді.

Бүгінгі күні машина-трактор паркі толықтай жаңартылған. Оның ішінде әлемге әйгілі "KLAAS", "John Deere", "MacDon", "Kuhn", "Hidromek", "Mara" компанияларының техникаларымен қатар ресейлік зауыттардың техникалары да бар.

Күріштің бәсекелестік қабілеттілігін арттырудың бірден-бір жолы – тұқым өндірісін дамыту. Бұл бағытта "Абзал және Компания" толық серіктестігі мен "Мағжан және К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күріштің элита және одан кейінгі тұқымын дайындау жөніндегі акредитациядан өтіп, тиісті аттестаттарын алған. Осы орайда, комания 2011 жылы Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов ауылында германияның "Петкус Гмбх" компаниясы дайындап шығарған қуаттылығы сағатына 8 тонна күріш тұқымын тазалайтын зауытты іске қосты. Бұл тұқым зауытында күріштің тұқымы тек оның сыртқы пішініне ғана қарай емес, сонымен қатар қауызының сыртқы боямына қарай да тазартылады. Бұл өз ретінде дайындалатын күріш тұқымының сапасын одан әрі жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 желтоксан 2015 г. 670 0