Қызылорда облысы дағдарысқа қарамастан индустриялық жобалардан бас тартпайды

Қызылорда облысы дағдарысқа қарамастан индустриялық жобалардан бас тартпайдыҚызылорда облысы дағдарысқа қарамастан индустриялық жобалардан бас тартпайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев мәлім етті.

«Сын-қатерлерге қарсы жалғыз дұрыс реакция бұл экономиканы әртараптандырудағы қарқынды жұмыстар екендігіне сенімдімін. Бұл - біздің дағдарысқа жауабымыз. Сондықтан да, біздер бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлаған жобалардың бірде бірінен бас тартпаймыз», - деді әкім.

Өңір басшысының айтуынша, Қызылорда облысында соңғы 3 жылда өңдеу өнеркәсібі 122,2 пайызға өсті.

«Республика бойынша орташа көрсетіш 102,5 пайызды құрайды. Егер өңдеу секторындағы өсім үлесі бізде 2012 жылы жалпы ішкі өнімнің 4,5 пайызын құраса, бүгінде 13,5 пайызға жетіп отыр. Бұл өңір экономикасын шынайы әртараптандыру жүргізіліп жатқандығын білдіреді, экономика құрылымы да өзгеруде», - деді Қ.Көшербаев.

Сонымен қатар, ол Елбасы Н.Назарбаевтың 10 жылда өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін 2 есеге арттыру туралы тапсырма жүктегенін атап өтті.

«Біздер соңғы 3 жылдың ішінде өнеркәсіп деңгейін 4,5 есе көтере алдық», - деді облыс әкімі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 желтоксан 2015 г. 789 0