
Осы уақытқа дейін, яғни жыл басынан бері барлығы 51 нысанның құрылысы
жүргізіліп, оның 32 нысаны пайдалануға берілді. Қалған 4 нысан жыл
соңына дейін пайдалануға берілетін болса, 15 нысан келесі жылдың
еншісіне тиіп отыр. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі
хабарлады.
Үстіміздегі жылға құрылыс саласы бойынша барлығы 17 893,2
млн. теңге (республикалық бюджет 5554,2 млн.теңге, Ұлттық қор 3078,7
млн.теңге, облыстық бюджет 9260,3 млн.теңге) қаржы бөлінді.
Салалар бойынша таратып айтар болсақ, білім беру саласына 2015 жылы
барлығы 7430 орынды құрайтын 24 нысанның (6690 орындық 19 мектеп, 740
орынды құрайтын 4 балабақша және №4 мектеп интернаттың 0,4Вл электр
желісі) құрылыстары жүргізілуде. Оның ішінде: Республикалық бюджеттен -
5100 орындық 7 мектеп, 280 орындық 1 балабақша бар. Ал, Ұлттық қор
есебінен - 600 орындық 2 мектеп, 280 орындық 1 балабақша салынуда.
Облыстық бюджеттен - 990 орындық 11 мектеп, 180 орындық 2 балабақшаның
құрылысы жүруде.
2015 жылғы 9 желтоқсандағы жағдай бойынша 5360
орындық құрайтын 16 білім беру нысандарының (4990 орындық 13 мектеп, 370
орынды құрайтын 2 балабақша және №4 мектеп интернаттың 0,4Вл электр
желісі) құрылысы толықтай аяқталып пайдалануға берілді.
Денсаулық
сақтау саласы бойынша барлығы 2015 жылы барлығы 6 нысанның (3 емхана, 1
аурухана, 1 дәрігерлік амбулатория, 1 қайта жаңғырту) құрылыстары
жүргізілуде. Оның ішінде: Республикалық бюджеттен - 200 төсектік
көпбейінді 1 облыстық балалар ауруханасы мен бір ауысымда 250 адам
қабылдайтын 1 аудандық емхана, 1 дәрігерлік амбулатория бар.
Облыстық
бюджеттен - ауысымына 350 адам қабылдайтын 2 емхана, 1 наркологиялық
диспансерді қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынған.
Бүгінгі күнге
дейінгі жағдай бойынша Қызылорда қаласындағы Наркологиялық диспансердің
«А» блогын қайта жаңғырту құрылысы және Арал ауданы Сексеуіл бекетіндегі
100 келушіге арналған емхана құрылысы жұмыстары толықтай аяқтап
пайдалануға табысталды.
Осы жылдың желтоқсан айының соңына дейін 250
адам қабылдайтын (Жалағаш кентінде) -1 емхана пайдалануға беріледі деп
жоспарлануда.
Мәдениет саласы бойынша биылғы жылы барлығы
8 нысанның (7 ауылдық клуб және мұражай кітапханасымен) құрылыстары жүргізілді.
Бұл
күндері 2015 жылғы 9 желтоқсандағы жағдай бойынша 6 ауылдық клуб және
мұражай кітапханасымен құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, пайдалануға
табысталды. Барлық құрылыс нысандары облыстық бюджет қаржысы есебінен
жүзеге асты.
Спорт саласы бойынша 2015 жылы барлығы 4 нысанның (2
спорт сауықтыру кешені, 1 стадион, 1 қосалқы стадионды қайта жаңғырту)
құрылыстары жүруде. Желтоқсан айында 2 спорт сауықтыру кешені және
стадион құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып, пайдалануға берілді.
Қызылорда қаласы Ғ.Мұратбаев стадионының қосалқы алаңын қайта жаңғырту
жұмыстарының электронды сатып алу конкурсы жүргізіліп жатыр, алдағы жылы
пайдалануға беріледі.
«Бизнестің жол картасы - 2020
бағдаламасы» бойынша биылғы жылы барлығы 5 нысанның (Қызылорда қаласы
Титов қыстағы, Сырдария ауданы Н.Ильясов ауылы, Арал ауданы Қамыстыбас
ауылы, Қазалы және Қармақшы аудандары) құрылыстары жүргізілуде.
Бұл
күнге дейін Қызылорда қаласы Титов қыстағындағы Индустриялық аймаққа
инженерлік инфрақұрылым жеткізу және Сырдария ауданы Н.Ильясов
ауылындағы астық қоймасының кірме жолын қайта жаңғырту құрылыс жұмыстары
толықтай аяқталып пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, өтіп бара жатқан
жылы Қызылорда қаласындағы Ы.Алтынсарин кинотеатрын Достық үйі
ғимаратына бейімдеп қайта жаңғырту нысаны құрылысы жүргізіліп,
пайдалануға берілді. Мұнан өзге облыстық мекемелер үйінің аумағындағы 80
көлікке арналған көлік жай нысаны құрылысы қараша айында іске қосылды.
Қаіргі уақытта Қызылорда қаласындағы «Облыстық мұрағат құрылысы»
нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр. Нысан алдағы 2016 жылы пайдалануға
беріледі.