Қазалы ауданында жаңа ауылдық клуб ашылды

Қазалы ауданында жаңа ауылдық клуб ашылдыҚазалы ауданындағы Абай елді мекенінде 150 орындық ауылдық клуб пайдалануға берілді, - деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Жаңа клубтың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Озғанбаев тұрғындарды қуаныштарымен құттықтады.

Жаңа ғимаратта  түрлі рухани кештер мен шаралар ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, клуб жанынан жастарды өнер мен әдебиетке баулитын түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. 2 қабатты ғимаратта 128 орындық көрермен залымен қатар 23 мың кітап қоры бар кітапхана орналасқан.

Айта кетейік, биылдың өзінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 4 ауылдың клубына (Бекарыстан би, Қ.Пірімов, Өркендеу, Қожабақы) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 желтоксан 2015 г. 1 099 0