Қызылорда облысында көктайғақ, жел болады

Қызылорда облысында көктайғақ, жел болады«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауынша, 22-24 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соққан желдің 15-20 м/с дейін күшеюі сақталады, 23 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 желтоксан 2015 г. 735 0