
14-18 желтоқсан аралығында Қызылордада бокстан
2000-2001 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан
Республикасының оңтүстік-батыс аймақтық чемпионаты өткізілді.
5 күнге созылған жарысқа Алматы қаласы, Атырау,
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және
Қызылорда облыстарынан8 команда, 200-ге жуық былғары қолғап шеберлері
қатысты.
Осы жарыстың нәтижесі бойынша келесі жылдың қаңтар айында Астана
қаласында болатын ҚР чемпионатына Қызылорда облысынан барлығы 10 спортшы
жолдама алды. Сондай ақ, жарыс барысында ерекше көзге түсіп, жақсы өнер
көрсеткені үшін облыстан тағы да 4 спортшы жолдамаға ие болды. Олар:
Сұлтан Сәдуақас (50 келі), Мақсат Барлыбай (52 келі), Тілек Асқарұлы (54
келі), Ертуған Аханбек (57 келі).
Жарыста «Үздік боксшы» номинациясын оңтүстікқазақстандық Махмуд
Сабырхан иеленсе, «Үздік төреші» номинациясымен Аманкелді Маканалин
(Қарағанды обл.) және Арман Бүркітбаев (Ақмола обл.) марапатталды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом, медаль және кубоктармен марапатталды.
Жарыс жеңімпаздары:
44 келі:
Қанжар Нүркен (Қызылорда обл)
46 келі:
Нұрсұлтан Нұриденов (БҚО)
48 келі:
Бейбарыс Жексен (Жамбыл обл.)
50 келі:
Ержігіт Маденов (Жамбыл обл.)
52 келі:
Азамат Бектас (Қызылорда обл.)
54 келі:
Сұңқар Талдыбек (ОҚО)
57 келі:
Жандос Камал (ОҚО)
60 келі:
Азат Асанов (ОҚО)
63келі:
Ерсұлтан Асқар (Жамбыл обл. )
66келі:
Азидолла Асқар (Маңғыстау обл.)
70 келі:
Асылбек Қадыров (ОҚО)
75 келі:
Бекен Пернехан (ОҚО)
80келі:
Елхан Табынбаев (Алматы қ.)
+80келі:
Дамир Тойбай (Алматы қ.)