« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
- Елбасының тапсырмасына сәйкес апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымдық білім ұяларының мәселесін шешу күн тәртібінен түскен емес. Облыстағы жарамсыз деп танылған 36 мектептің орнына 25 жаңа ғимарат салынды. Қалған 11 білім ошағының да проблемасы шешіледі. Қазір үш ауысымда оқитын біздің аймақта бірде – бір мектеп жоқ. Бүгін ашылған жаңа мектепте сапалы білім, саналы тәрбие алған ұрпақ өсіп шығатынына сенемін, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Дәл осы күні Шиелі ауданына қарасты Алғабас ауылы ауыз суға қосылды. «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы жүзеге асқан бұл жоба елдімекенді 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Соңғы 3,5 жылдың ішінде облыстың су мәселесін шешуге 27 млрд. теңге жұмсалды. Аймақта 262 елдімекен болса, соның 71 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Демек, облыс тұрғындарының 94 пайызы сапалы ауыз суды тұтынып отыр деген сөз. Ал Шиелі ауданында 8 елдімекенді Жиделі топтық су құбырына қосу туралы 4,2 млрд. теңгеге арнайы жоба әзірлеген. Сол арқылы аудан келесі жылы толық ауыз сумен қамтылатын болады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |