
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ең негізгі мақсаты - сапалы қызмет көрсету. Қазіргі күні мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру және оңтайландыру бағытында бірқатар мемлекеттік органдармен біріге белсенді жұмыс істеудеміз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін әлеуметтік - маңызды қызмет көрсетулердің 60 пайызын электрондық нұсқаға көшірілуі керек. Автоматтандыру үдерісі барысында қандай да бір қызмет түрін ұсыну кезінде азаматтардан талап етілетін көптеген құжат көшірмелерінің тіптен қажет еместігі анықталды. Өйткені бұл ақпараттарды электрондық деректер қорынан алуға болады.
Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарында
Электрондық Үкімет Порталы көмегі арқылы мемлекеттік органдарға жүгінуіне байланысты күнделікті мыңдаған мәселелерді шешуге, яғнимекен-жай туралы анықтама,зейнетақы аударымдары туралы жазба алу,коммуналдық қызметтерді төлеу,баланы бала-бақшаға кезекке қою,дәрігер қабылдауына жазылусияқты көптеген мемлекеттік қызметтерді алуға болады.www.egov.kzарқылынекеге тұруға өтінішберуге немесе бала тууды тіркеу қызметін пайдалануға болады. Жүргізушілер - жол қауіпсіздігі ережелерін (ЖҚЕ) бұзғаны үшін айыппұлтөлеуіне, ал кәсіпкерлер -өз бизнесін тіркейнемесесалық төлеуіне мүмкіндік алаалады.
Портал қызметтеріне қолжетімділік алу үшін пайдаланушыда электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) талап етіледі, ол дәстүрлі қолтаңбаның аналогы болып табылады.
Қазіргі уақытта Республика бойынша ХҚКО-ның филиалдары мен бөлімдерінде электрондық сандық қолтаңба беру жұмыстары жүргізілуде. Электрондық сандық қолтаңба алған әрбір азаматқа өзінің тұрғылықты мекен-жайынан шықпастан жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін алуларына мүмкіншілік береді.
Қазіргі таңда, аудан тұрғындары электрондық үкімет порталынан эсқ арқылы мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін, оқып-үйренуіне толық мүмкіншілік жасалып отырғанын түсіндіре отырып, аудан тұрғындарын ХҚКО-да орналасқан электрондық үкімет бұрышынан қазіргі заманның технологиясын оқып-үйренуге шақырамыз.
Қызылорда қаласының №1 бөлімі