Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою

Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қоюЕрте ме кеш пе барлық адам жұмысқа орналасу проблемасына тап келетіні рас. Біреулер үшін жұмыс іздеу – қалыпты және үйреншікті жағдай болса, біреулерге бұл тосын әрі бұрын бастан кешірмеген жайт болуы мүмкін. Өзіңіздің қалауыңыздағы және жоғары жалақы төлейтін жұмысты табу – өте күрделі шаруа, сондықтан оған бар жауаптылықпен қарау керек.

Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою 2 жолмен жүзеге асырылады:

1. Қызметті онлайн алу

Авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту

Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).

Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» тарауында) өңделген анықтамамен танысу және талап етілген жерге ұсыну.

Ескерте кететін жәйт: Онлайн өтініш беру "оралман" мәртебесі бар адамдар үшін қол жетімді емес.

2. Қызметті мемлекеттік органда және ХҚКО алу (қажетті құжаттар)

Жеке басын куәландыратын құжаттар:

Қазақстан азаматтары – жеке куәлік (паспорт);

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның ішкі істер органдарында тіркелгені туралы белгісі бар куәлігі;

оралмандар – оралман куәлігі;

Еңбек жолын куәландыратын құжаттар (еңбек кітапшасы).

Жұмысқа орналасу барысында ең бірінші мына жағдайларды ойланғаныңыз абзал:

Басынан бастап сіздің қай салада жұмыс істейтіңізді, өзіңізді не қызықтыратынын жақсылап ойлап алыңыз;

Егер мұндай салалар тым көп болса, онда бұл тізімді сәл қысқартыңыз. Ешқашан қызмет түрі жұмыс іздеу барысында анықталады деп ойламаңыз, әйтпесе өзіңізді де, әлеуетті жұмыс берушілерді де шатастырасыз;

Кадрлық агенттіктерге түйіндемеңізді таратыңыз.

Жұмыс жөнінде хабарландыруларды жариялайтын газеттерді, мамандандырылған журналдарды және т.б. газеттерді сатып алып, вакансиялармен танысыңыз.

«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, ізденген адамға бәрі оңынан болатынына сену керек.

 

Қызылорда қаласының №1 бөлімі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2015 г. 710 0