« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді.
«Қаралы
хабарды естіген соң, Елбасы өзінің Тәуелсіздік дәуіріндегі серігі Әбіш
Кекілбаевтың отбасына арнайы келіп, көңіл айтты, жеделхат жолдады. Соны
оқып беруге рұқсат етіңіздер»,-деп тоқталды Сенат Төрағасы.
«Белгілі қаламгер, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевтың дүниеден өтуіне байланысты орны толмас ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Көрнекті жазушы, терең білімді жаны таза азамат Әбекең тек қазақ халқының ғана емес, Алты Алаштың әлем алдында бетке ұстар ірі тұлғаларының бірі еді. Ол табиғи дарынымен жастай танылды. Мазмұны терең, танымдық мәні зор көркем туындыларымен, қоғамның түйткілдерін тап басатын отты мақалаларымен, философиялық толғамдарымен қаламдас әріптестерінің де, қалың оқырманының да жан-жүрегін тез жаулап, мызғымас бедел иесі атанды»,-делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы өз сөзінде Әбіш Кекілбайұлы қаламгерлік дарынын ешқашан қоғамның тыныс-тіршілігінен бөлек қойып көрмегенін, шығармаларының көпшілігін жауапты және жоғары мемлекет қызмет лауазымдарын қатар алып жүріп жазғанын атап өткен.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |