Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалды

Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі тағайындалдыҚызылорда облысы әкімінің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша кеңесшісі болып Шмарина Елена Вячеславовна тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен. 

Елена Вячеславовна 1975 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын - экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Қызылорда қалалық экономика бөлімінің маманы ретінде бастаған. 1998-2007 жылдары - қалалық экономика бөлімінің аға маманы, облыс әкімі орынбасарының аға референті, жетекші маманы, бас маманы, бас инспекторы. 2007-2008 жылдары - облыс әкімі аппаратының экономикалық талдау және аймақтық даму бағдарламалар мониторингі бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі. 2008-2015 жылдары - Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінде бас инспектор, әлеуметтік-экономикалық және талдау секторларының меңгерушісі, облысы әкімі орынбасарының көмекшісі қызметтерін атқарған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 желтоксан 2015 г. 805 0