« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
«Инвестициялық жобалар мен Бас кестені іске асыру аясында 2015 жылы «ҚазТрансГаз» Қызылорда облысының 4 аудан орталығына газ жеткізді. Осы орайда Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттері және Арал қаласы қамтылды. Сонымен қатар Байқоңыр қаласын газдандыру да аяқталуға жақын»,-деді Е. Темірханов.
Оның сөзіне қарағанда, аз ғана уақыт ішінде, яғни кестедегі мерзімінен бұрын шамамен 1,4 мың шақырым газ құбыры тартылды.
«Сонымен қатар 5 автоматты газ тарту стансасы салынды. Облыс газбен жабдықтаудың жаңа сапалы деңгейіне шықты деп атап өтуге болады»,-деді Е. Темірханов.
Бұдан бөлек ол «Оңтүстік Қазақстан облысының газ тарту жүйелерін жаңғырту» инвестициялық жобасын іске асыру жалғасып жатқанын атап өтті. Осы жылы 172 шақырым газ құбыры салынып, жобаны іске асыру басталғалы барлығы 1 963 шақырым газ құбыры жаңартылды.
«Шымкент қаласы - ТМД кеңістігінде алғаш рет газ
тарту жүйелеріне ауқымды жаңғырту жүргізіліп жатқан Қазақстанның
мегаполисі»,-деді ол.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |