ҚОРҒАНЫС ДЕПАРТАМЕНТІ "ДИДАР" АНСАМБЛІН МАРАПАТТАДЫ
Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Дидар» халықтық би
ансамблінің ұжымы марапатталды.
Бұл марапат өнер ұжымының жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені насихаттауға қосқан үлесі үшін берілді.
«Дидар» халықтық би ансамблі ұлттық өнердің өрістеуіне үлес қосып келе
жатқан ұжым. Өнер ұжымының бірнеше қойылымдары әскери-патриоттық
тақырыпқа арналған.