Қызылорда облысында «Ұлы дала төсіндегі мәңгілік ел: Әлеуметтік әріптестік» тақырыбында VII азаматтық форум өтті

Қызылорда облысында «Ұлы дала төсіндегі мәңгілік ел: Әлеуметтік әріптестік» тақырыбында VII азаматтық форум өттіБүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының ұйымдастыруымен А. Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Ұлы дала төсіндегі мәңгілік ел: Әлеуметтік әріптестік» тақырыбында VII облыстық азаматтық форумы өтті.

Форумды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жазира Жылқышиева ашып, аймақта азаматтық қоғам институттарының атқарған ауқымды шараларына тоқталып өтті. Сонымен қатар, басқарма басшысы ҮЕҰ-ларға алдағы уақытта да мемлекет тарапынан қолдау жалғасатындығын атап өтті.

Форум жұмысы аясында «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтандыру орталығы» қоғамдық қорының президенті Ш. Жеңсікбаева, «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігінің төрайымыМ. Аңсатова, «Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы М. Төлепова, «IZET» қоғамдық қорының директоры Ш. Үмбетаевтар баяндама жасады.

Шара соңында үздік деп танылған ҮЕҰ өкілдері марапатталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 желтоксан 2015 г. 929 0