Қызылордада металл қалдықтарын өңдеу зауыты салынады

Қызылордада металл қалдықтарын өңдеу зауыты салынадыОблыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен сәулет-қала құрылысы кеңесінде «Шах-Исмаран» ЖШС-нің металл қалдықтарын өңдеу зауытының эскиздік жобасы талқыланды.Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаны мекеме басшысы Мейрамбек Қалиев таныстырды. Оның айтуынша, зауыт Қызылорда қаласындағы индустриалды аймақта салынады. Құрылыс жұмыстары келер жылдың басында басталып, жыл соңына дейін аяқталады.

Зауыттың қуаттылығы жылына 18 мың тонна металл қалдықтарын өңдейді.

Сондай-ақ жаңадан 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Кеңес отырысында бұл жоба мақұлданып, зауыт соңғы заманауи құрылыс жабдықтарымен салынатын болды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 желтоксан 2015 г. 867 0