
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе облысы мен Қызылорда
облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТК
хабарлады.
«Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) Ақтөбе
облысында «Самара-Шымкент» автожолының 773-1240 шақырым аралығында
барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.
Сондай-ақ Қызылорда облысында ауа райының
нашарлауына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) «Самара-Шымкент» автомобиль
жолынында (1240-1356 км) жүк және жолаушылар автокөліктеріне қозғалыс
тоқтатылды», - деп жазылған хабарламада.