Елбасы Астанада бас шыршаның шамын жақты

Елбасы Астанада бас шыршаның шамын жақты]АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 1 желтоқсанда, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің бас шыршасының шамын жағу салтанатына қатысты. Биыл ұзындығы 25 метр  шырша  «Хан Шатыр» ойын сауық орталығының алдындағы мұз қалашығының аумағына орналастырылған.

Мерекелік шоуға 2300-ден астам мектеп оқушысы, сондай-ақ қаланың белгілі шығармашылық ұжымдары қатысты. Бойшаң қуыршақтар, барабанды шоу, аққалалар оркестрі және, әрине, Аяз ата мен Ақшақар баршаны алдағы мерекелермен құттықтады.

Бүгінгі салтанатты іс-шара еліміздегі өтетін барлық мерекелік іс-шараларға бастау берді. Бас шырша жағылған соң іле-шала Астананың әр түпкірінде тағы да қырық шыршаның, сондай-ақ Қазақстанның барлық қалаларында шыршалардың шамдары жағылды. Елорда тұрғындары мен қала қонақтарына қысқы кезеңде мәдени-көріністік іс-шараларға мол бағдарлама әзірленген.  Әр демалыс күндері мұз қалашықтарда концерттер, спортық жарыстар, мәнерлеп сырғанаудан шеберлік сыныптары, флэш-мобтар, жәрмеңкелерді және т.б. қамтитын қызықты әрі алуан түрлі бағдарлама ұсынылады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 желтоксан 2015 г. 762 0