Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалай алуға болады?

Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалай алуға болады?Электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі болып табылады.

Электрондық цифрлық қолтаңбаны екі жолмен алуға болады:

Бірінші жолы – ЭЦҚ-ны жаңа үлгідегі жеке куәліктің чипіне жазу арқылы. Бұл үшін ХҚКО барып, жеке куәлікті көрсету керек. Жеке куәлікке жазылған ЭЦҚ-мен тек арнаулы карт-ридер болған кезде ғана жұмыс жасауға болады.

Екінші жолы – бұл, ЭЦҚ алуға онлайн-өтінімді беріп, оны компьютерде сақтау арқылы. Бұл жағдайда да берілген өтінімді растау үшін ХҚКО бару қажет. Ол үшін www.pki.gov.kzсілтемесін теріп, «Жеке тұлғалар» немесе «Заңды тұлғалар» және «Өтінім беру» батырмасын басу арқылы өтініш бересіз.

Егер сізде электрондық цифрлық қолтаңба болса үйіңізде отырып egov.kz сайтынан электрондық қызметтер мен төлемдерді жүргізуіңізге болады.

Қызметті алу барысында қиындықтар туындаған жағдайда 1414 CALL-орталығына қоңырау соға аласыз. Қоңырау тегін.

Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өзіне – өзі қызмет көрсету секторлары жұмыс жасайды. Онда, ҚР электрондық порталын жетік меңгерген қызметкерлер өз ЭЦҚ арқылы электрондық қызметтерді алуды үйретеді.

 

Қызылорда қаласының №1 бөлімі

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қараша 2015 г. 1 587 0