Діни радикалимге қарсы тұратын үш ұстын

Діни радикалимге қарсы тұратын үш ұстынБүгін Қызылорда қаласында өткен «Ислам діні – бейбітшілік бастауы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Ресейден келген теолог, Ресей Орталық мұсылмандар басқармасының өкілі Артур Ахмеров діни радикализм мен терроризмге қарсы төтеп беретін үш ұстынды атады.
– Біріншіден, мұсылман баласы Ханафи мәзһабын басшылыққа алуы керек. Екіншіден, елінің және ата-бабасының тарихы. Үшіншісі – ұлтының исламмен біте қайнасып кеткен салт-дәстүріне берік болу. Осы үшеуін кеудесіне жақсылап тоқып алған жан көрінген көк аттының уағызына елітіп кетпейді, – деді Артур Юрисович.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қараша 2015 г. 801 0