Қызылордада Т.Жүргеновті еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнир өтеді

Қызылордада Т.Жүргеновті еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнир өтеді 27-28 қараша күндері Қызылорда қаласында Қазақстан Республикасының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновті еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтеді.Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Биылғы жылы бесінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 14 команда қатысады.

Жарыс ұлдар арасында 7 салмақ дәрежесінде (42, 46, 51, 57, 64, 72, +72 келі), қыздар арасында 3 салмақта (40, 44, 63 келі) өткізіледі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 қараша 2015 г. 583 0