WHATSAPP АРҚЫЛЫ ПОЛИЦИЯҒА 14 ХАБАРЛАМА КЕЛІП ТҮСТІ

WHATSAPP АРҚЫЛЫ ПОЛИЦИЯҒА 14 ХАБАРЛАМА КЕЛІП ТҮСТІWhatsApp, Viber мобильдік жүйесіне қосылған 26 қазаннан бері Қызылорда қалалық ІІБ жедел жоспарлау орталығына 14 хабарлама келіп түскен.
    «Олардың 2-уі – жол-көлік оқиғасы, 4-еуі – көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, 3-еуі – жол қозғалысы талаптарын өрескел бұзу, 1-еуі – қоғамдық орындарда темекі шегу жөнінде және сол сияқты. Барлығына дер кезінде ден қойылып, қажетті шаралар қабылданып, шағымданушыларға тиісті жауаптар қайтарылды», - делінген облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.  
    Тәртіп сақшылары осы ретте қала тұрғындарынан қандай да бір заңбұзушылық фактісінің куәсі болса, дереу 8-776-89-80-102 нөмірі арқылы мессенжерге хабарлама жіберуді сұрайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 қараша 2015 г. 637 0