Қызылодада ауыл әкімдері мен учаскелік полицейлер бірігіп халық алдында есеп береді

Қызылодада ауыл әкімдері мен учаскелік полицейлер бірігіп халық алдында есеп бередіЖелтоқсан айынан бастап Қызылорда облысына қарасты барлық ауылдық округтердің әкімдерімен бірге енді учаскелік полицейлері де халық алдында есеп беретін болды. Бұл ұсынысты облыс әкімі Қ.Көшербаев Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведмоствоаралық комиссиясының және облыстық құқық қорғау органдарының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің бірлескен отырысында айтты.

Жалпы облыста 136 ауылдық округте 147 учаскелік полицей бар. Ал аймақ тұрғындарының 27 пайызы мал шаруашылығымен айналысады. Елдімекендерде мал ұрлығына жол бермеу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуі тиіс. Соның бірі төрт түлікті құжаттандыру. Бүгінде облыста 755405 малдың құжаты жасалған. Осы орайда аймақ басшысы барлық деңгейдегі әкімдерге нақты тапсырмалар жүктеп, ішкі істер органдарымен бірлесе жұмыс істеуді тапсырды.

- Өкінішке орай ұрлық, соның ішінде мал ұрлығы азаяр емес. Жан бағып отырған төрт түлігінен айрылса, ауылдағы жұрттың жағдайы не болады? Бұған учаскелік полицейлер мен ауыл әкімдері жауапты. Ұрлықтың өскеніне қарағанда олардың жұмысы дұрыс ұйымдастырылмаған. Сондықтан ішкі істер органдарының жұмысына қанағаттанарлықсыз деп баға беремін. Ұрлықты азайту үшін малды бірігіп бақташыға бақтыру керек. Бұл жұмысты ұйымдастыруға ауыл әкімдері ұйытқы болыңыздар, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Айта кету керек, соңғы екі жарым жылда облыс бойынша ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, олардың жұмысының тиімділігін арттыруға 4,5 млрд. теңге жұмсалған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қараша 2015 г. 872 0