« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Аталмыш жоба арқылы АҚШ-тың Миннесота университетінен келген белді мамандармен бірге Қазақстанда оңтүстік облыстардың су ресурстарын тиімді пайдалану мен экожүйелік қызметтердің ел экономикасына әсері арнайы әдістемелер арқылы талданған.
Сонымен қатар жоба аясында ауыл шаруашылығы субъектілеріне жер құнарлылығына қатысты құнды мәліметтер жинақталды.
«Осы модельдің негізінде экономикаға және жергілікті халыққа пайда әкелетін әлеуетті салаларды саралай келе, біз аймақтың даму сценариін жасадық. Ол бойынша су ресурстары 2007 жылы Арал-Сырдария бассейнінің ауыл шаруашылық саласы ЖІӨ-не әкелген пайдасы 13 пайызды құраған. Су және жер ресурстарының Қазақстан экономикасына берген пайдасын сараласақ, ол ЖІӨ-нің 2 пайызын құрады. Дегенмен оның үлесі алдағы 50 жылда ірі салалардың даму әсерінен 1 пайызға дейін төмендемек», - дейді ол.
Оның айтуынша, бұл модельдің енгізілуі елдегі «жасыл» экономиканың дамуына үлкен серпін береді.
«Қазіргі уақытта барлық кәсіпорындарда табиғи
ресурстарды үнемдеу деңгейі өте төмен. Болжам бойынша, 2030 жылға қарай
13-14 млрд. текше метр су жетіспеушілігі болады. Ол өз кезегінде
экономиканың дамуына да тежеу салады. Қазақстанда экожүйе қызметтерінің
экономикаға әсері тек енді ғана бағалана басады. Аталмыш жобада жалпы
тепе-теңдіктің моделі қолданды. Ол су ресурстарының экономикасы
аймақтың, жергілікті ауыл шаруашылықтың және фермерлердің экономикасына
қалай әсер ететіндігін көрсете алады», - дейді С.Қазыбаева.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |