« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жат ағымдар мен терісдіни ұйымдарға қарсы нақты қадамдар жасауда Қызылорда облысының атқарып
жатқан шаралары өзгелерге өнеге боларлық. Әлбетте дінбұзарлар аймақта айқын бой көтермесе
де жат діни ағымдарға ерушілер бірлі-жарым қылтиып бой көрсетіп те қояды екен. Соның өзіне бей-жай қарамай,
елбұзарлар етек алмас үшін ата
дініміздің нағыз мамандарын даярлайтын Нұр-Мүбарак университетімен тығыз байланысын күшейткен.
Қазір Нұр-Мүбарак университетінде исламтану мамандығы бойынша Сыр өңірінен 48 студент білім алуда. Осы шәкірттердің жағдайын, тұрмыс-тіршілігін білу үшін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жазира Жылқышиеваханым Нұр-Мүбаракқа арнайы ат басын тіреді.
-Бізге дін саласын меңгерген нағыз мамандар қажет. Сондықтан сіздердің сапалы білім алуларыңыз өте маңызды. Қандай қиындықтарыңыз, шешілмей жатқан сұрақтар бар ма, барлығын ашық түрде ортаға салыңыздар. Біз көмекке дайынбыз. Қазір облысымыздан оқып жатқан 48 студенттің 11 ақылы бөлімде екен, олардың жылдық оқу ақысын төлеп береміз. Сондықтан, оқу ақысына алаңдамай, білім алыңыздар, - деген Жазира Жақсылыққызы қысқы және жазғы демалыс сәтін пайдаланып, осы студенттердің өзін облыстағы жамағаттармен жүздестіру қажеттігі жайлы да ұсыныс жасады.
Өздеріне
қамқорлықтың барын анық сезінген білім жолындағы жастардың да мерейі өсе
түскендей. Олар сұхбаттасу барысында күні
кеше ғана Алматыға іссапармен келген ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өкіл имамы
Талғат Омаров та арнайы жүздесіп кеткенін жеткізді. Кездесуге студенттердің
дәрістен тыс уақытын таңдаған Жазира Жақсылыққызына тәрбиеші Бауыржан Шайзан
университеттің тыныс-тіршілігі, студенттердің жай-күйін жақынырақ таныстырды. Нұр-Мүбарак
университетінің оқу ғимаратын, жатақханадағы студенттердің жағдайын көзбен
көрген ол оқу орнының басшылығына өз ришалығын білдірді.
Қызылорда облысы бірнеше жылдан бері аймақтан Нұр-Мүбарак университетіндегі ақылы бөлімде білім алушыларға нақты қаржылай қолдау көрсетуде. Жақында ғана бүкіл облыстан Дін мәселелерін зерттеу орталығының «Ақпараттық-насихаттық және діни бірлестіктермен жұмыс жасау» бөлімінің 10 дінтанушы маманы Республикалық мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсында білімін жетілдірген болатын. Сыр өңірі пайызға шаққанда қазақтар көп қоныстанған мекен болса да облыс басшыларының осындай нақты, сауатты іс-шаралары аймақтағы діни ахуалдың тұрақтылығына кепіл болары сөзсіз.
Айша КЕҢЕСБАЙ
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |