« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
"Ғарышкерлер қатарына қосылу үшін ең алдымен денсаулық мықты болу шарт. Екінші керегі - жоғары білім. Сонан соң еңбекқорлық қажет", - деп атап өтті ол.
Оның ойынша, ғарышкерлердің бойында әлемді тануға деген құштарлық, жігер және қарапайымдылық болуы керек.
"Мен Қазақстан Президентінің қолынан жоғары награда алған кезде мен өзіме Отан үшін, елдің өркендеуі үшін барлық өмірімді сарп етемін деп уәде еттім. Мен жоғары наградаға ие болдым, бірақ мен сол баяғы Айдын болып қалдым, өзгермейтін де шығармын, мен жай ғана өз қызметімді атқарып, еліміздің ғарыш саласын көркейту жолында еңбек ете беретін боламын", - дейді ол.
Сонымен қатар ол оқушылар алдында қазақстандық ғарышкерлер қалай дайындалатындарын айтты.
"Біз ғарышкерлер отрядында дайындалдық. 2012 жылдың 12 қазанында маған Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесі берілді. Біздің ғарышкерлеріміздің саны тұтас бір отряд болғанын қалар едім", - деп еске алады ол.
А. Айымбетов егер мүмкіндік болса, экспедиция құрамында тағы бірнеше мәрте ғарышқа аттанғысы келетіндігін де жасырмады.
"Қазақстанның ғарышқа адамды ұшыру тәжірибесі өзінің дамуын әрі қарай жалғастыра бермек. Келесі жолы менің ұшуым ықтимал, мүмкін өзге біреу таңдалар. Болашақта жаңадан отряд құрылуы да ғажап емес", - дейді ғарышкер.
"Балаңыздың ғарышкер мамандығын таңдағанына қалай қарайсыз?" деген сауалға А. Айымбетов: Ол ұшқыш болғанды өзі қалады. Кейін ғарышкерлер отрядына да түсе жатар. Олардың кез келген таңдауларын мен қабылдауға даярмын, қолымнан келгенінше қолдаймын және мен оны өздеріне айттым", - деп атап өтті.
Еске сала кетейік, қазақстандық ғарышкердің Халықаралық ғарыш стансасына 2015 жылдың 2 қыркүйегінде ұшты. Ол «Союз ТМА-18М» зымыранының борт-инженері қызметін атқарды. Сонымен қатар ғарышта Қазақстанның бесінші ғылыми зерттеулерін жүргізген болатын.
Қазақстандықтың ғарышта өткізген уақыты - 9 тәулік, 20 сағат, 13 минут 51 секунд.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |